АЛИГОТЕ СОРТЫНЫҢ ҚЫСТАП ШЫҒУЫНА ӘР ТҮРЛІ ЖАПҚЫШТАРДЫҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ
Кілт сөздер:
жүзім, жүзім өсіру, сорт, фенологиялық бақылау, өнімділік.Аңдатпа
Жүзім дақылын аяздан қорғау үшін оңтүстік-шығыс өңірлерде жүзім түптерін топырақпен жабу тәжірибесі қолданылады. Қыстың қатты суықтарында сабақтардың зақымданбауы үшін топырақ қабатының биіктігі 30–35 см болуы керек. Алайда мұндай тәсіл едәуір қаржылық шығындарды талап етеді. Осыған байланысты жүзім өсірумен айналысатын шаруашылықтар мен фермерлер үшін өнімнің өзіндік құнын төмендету маңызды мәселе болып отыр. Сондықтан, біздің зерттеудің басты мақсаты — жүзім түптерін суықтан қорғау үшін балама агротехникалық әдістерді қолданып, олардың ішінен ең тиімдісін анықтау. Өйткені жүзімнің бүршіктерінің қысқы мезгілде сақталып қалуы — келесі жылы мол әрі сапалы өнім алудың басты алғышарттарының бірі.
Бұл зерттеу жұмысы жүзімнің Алиготе сортының фенологиялық фазалары мен өнімділік көрсеткіштерін әртүрлі агротехникалық әдістермен салыстыруға арналған. Нәтижелерге сәйкес, зерттеу нұсқаларында бүршіктердің оянуы мен гүлдеу кезеңдері бақылау нұсқасына қарағанда 2–5 күнге кеш басталса, жидектердің толық пісуі 4–10 күнге ерте тіркелді. Көзшелердің сақталу деңгейі өсімдік қалдықтарымен жабылған нұсқада 89%-ды құрап, бақылау жүйесіне (47,6%) қарағанда едәуір жоғары болды. Өнімділік көрсеткіштері бойынша өсімдік қалдықтарымен жабылған нұсқада 25 ц/га, ал қамыспен жабылған нұсқада 10 ц/га артық өнім алынды. Сонымен қатар, бұл нұсқаларда өнімнің тауарлық сапасы да жоғары болды. Экономикалық тиімділік тұрғысынан өсімдік қалдықтарымен жабылған нұсқа рентабельділік (109%) және таза пайда (60 800 теңге) бойынша айтарлықтай артықшылық көрсетті. Жалпы, зерттеу нәтижелері өсімдік қалдықтарымен жабылған нұсқаның агротехникалық және экономикалық тиімділігінің жоғары екенін көрсетті.
##plugins.themes.default.displayStats.downloads##
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Журналдың редакциясы Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңын және тиісті халықаралық шарттарды басшылыққа алады. Авторлар өздерінің авторлық құқықтарын сақтайды және «Шәкәрім университетінің хабаршысы. «Тарих ғылымдары сериясы» журналына қолжазбаның алғашқы жариялану құқығығын береді. Автор журналға тиісті сілтеме жасаған жағдайда материалды кез келген тасымалдағышта және кез келген форматта көшіруге және таратуға құқылы. Оқырмандар мен пайдаланушылар жұмыстың авторы көрсетілген және осы журналға сілтеме берілген жағдайда материалды еркін көшіріп, тарата және қолдана алады. Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді. Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді.
Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.