ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ АГРОЦЕНОЗДАРЫНДАҒЫ ҚАБЫРШАҚҚАНАТТЫ БӨЖЕКТЕРДІҢ (INSECTA, LEPIDOPTERA) ТҮРЛІК ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОЛАРМЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ

Авторлар

  • Нагима Туменбаева С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университет Автор

Кілт сөздер:

Тірек сөздер: Қабыршаққанаттылар, түр құрамы, фауна, биологиялық тиімділік, инсектицид.

Аңдатпа

Аннотация. Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның қабыршаққанатты бөжектердің (INSECTA, Lepidoptera) фаунасы, экологиясы және шаруашылық маңызы бойынша ғылыми зерттеулер өзекті және жаңалығы бар, өйткені олар алыс және жақын шет елдерде (Ресей, Украина, Орталық Азия мемлекеттері) жүргізілген ұқсас зерттеулермен салыстырғанда мүлдем басқа модельдік объектілерге негізделген олардың деректері Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы агроценоз жағдайлары үшін қабыршаққанаттылар фаунасына байланысты жергілікті мәселелерді шеше алмайды. Қабыршаққанаттылардың фаунасын, экологиясын, шаруашылық маңызын зерттеп, Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның агроценоздарындағы жәндіктердің ең зиянды түрлері - қабыршаққанаттылармен (INSECTA, Lepidoptera) күресу шараларына биологиялық негіздеме берді. Далалық зерттеулер барысында қабыршаққанаттылардың фауналық материалдарын жинау үшін энтомологияда жалпы қабылданған дәстүрлі әдістер түпнұсқа модификациялармен қолданылды. 2022-2024 жылдардағы зерттеу кезеңінде біз қабыршаққанатты бөжектердің 134 түрін тіркедік. Далалық зерттеулер барысында дақылдарды егу мен отырғызу кезінде оларға зиян келтіретін түн көбелектердің 30 түрі табылды. Сондай-ақ, ең көп зиян келтіретін түн көбелектерінің ішіндегі, қырыққабат түн көбелегінің жұлдызқұрттарына қарсы күресу шаралары жасалып, инсектицидтердің биологиялық тиімділігін анықтау бойынша далалық тәжірибелер жүргізілді.

Жарияланды

2024-12-27

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.