ЕСЕБОЛАТОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ЖЕРЛЕРІНІҢ ДЕГРАДАЦИЯСЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Кілт сөздер:
жер деградациясы, топырақ, су эрозиясы, тұздану, шайылған топырақ, топырақ құнарлылығы, мелиорацияАңдатпа
Мақалада Жетісу облысы Ақсу ауданы Есеболатов ауылдық округі жерлерінің деградациялық жағдайын бағалау нәтижелері берілген. Зерттелген аумақтың жалпы ауданы 24 274,1 га құрайды. Теріс белгілермен күрделенбеген жерлер 4 167,9 га немесе жалпы аумақтың 17,2 %-ын құрады. Тастақ жерлердің ауданы 8 257,4 га (34,0 %), шайылған жерлер – 5 907,8 га (24,34 %), тұзданған жерлер – 4 471,7 га (18,42 %), шамадан тыс ылғалданған жерлер – 721,9 га (3,0 %), батпақтанған жерлер – 226,1 га (0,93 %), сортаң жерлер – 177,8 га (0,7 %). Аумақтың ауыл шаруашылығында пайдаланылуын шектейтін негізгі факторлар топырақтың тастануы, су эрозиясы және тұздануы екені анықталды. Су эрозиясының дамуына жер бедерінің еңісті болуы және шайылуға бейім лесс тәрізді саздақтардың таралуы әсер етеді. Төмен орналасқан аумақтарда жер асты суларының жер бетіне жақын орналасуы гидроморфтық процестер мен топырақтың тұздануына ықпал етеді. Деградацияланған жерлерді жақсарту үшін топырақ қорғау ауыспалы егістерін, көпжылдық шөптерді, эрозияға қарсы топырақ өңдеуді, орман-мелиорациялық және гидромелиорациялық іс-шараларды, жайылым айналымын және жердің сапалық жағдайына тұрақты мониторинг жүргізуді қамтитын кешенді тәсіл ұсынылады.
##plugins.themes.default.displayStats.downloads##
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Журналдың редакциясы Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңын және тиісті халықаралық шарттарды басшылыққа алады. Авторлар өздерінің авторлық құқықтарын сақтайды және «Шәкәрім университетінің хабаршысы. «Тарих ғылымдары сериясы» журналына қолжазбаның алғашқы жариялану құқығығын береді. Автор журналға тиісті сілтеме жасаған жағдайда материалды кез келген тасымалдағышта және кез келген форматта көшіруге және таратуға құқылы. Оқырмандар мен пайдаланушылар жұмыстың авторы көрсетілген және осы журналға сілтеме берілген жағдайда материалды еркін көшіріп, тарата және қолдана алады. Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді. Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді.
Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.