ЕТТІ-МАЙЛЫ БАҒЫТЫНДАҒЫ ҚОЙЛАРДЫҢ ТІРІ САЛМАҒЫ ЖӘНЕ ЭКСТЕРЬЕРЛІК КӨРСЕТКІШТЕРІ
Кілт сөздер:
Етті-майлы бағыт, қазақтың құйрықты қылшық жүнді қойы, тірі салмақ, экстерьер, дене өлшемдері, селекция, саулық.Аңдатпа
Мақалада етті-майлы бағыттағы қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымына жататын қойлардың тірі салмағы мен экстерьерлік көрсеткіштері зерттелді. Зерттеу нысаны ретінде «Нұр» шаруа қожалығы мен Абай облысындағы «Елкентай» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің саулықтары мен аталық қошқарлары алынды. Зерттеу барысында жануарлардың тірі салмағы электронды таразы арқылы анықталып, негізгі сегіз дене өлшемі (шоқтығының және құйымшақ биіктігі, кеуде тереңдігі мен ені, жамбас ені, кеуде орамы, жіліншік орамы, дененің қиғаш ұзындығы) өлшенді. Алынған деректер вариациялық статистика әдісімен өңделді. Зерттеу барысында алынған мәліметтер жануарлардың жас ерекшеліктеріне байланысты сипаттамаларының өзгерістерін салыстыруға және талдауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, өнімділік көрсеткіштері мен қойдың дене бітімінің өзара байланысы анықталды. Нәтижесінде зерттелген қойлардың тірі салмақ көрсеткіштері тұқым стандартына сәйкес келетіні және олардың салыстырмалы түрде сирақтары ұзын, ықшам денелі, конституциясы мықты жануарлар екені анықталды. Екі шаруашылықтағы қалаулы типке жататын қойлар арасында экстерьерлік айырмашылықтар айтарлықтай байқалмады. Зерттеу нәтижелері етті-майлы бағыттағы қойлардың селекциялық-асылдандыру жұмыстарында тірі салмақ пен дене өлшемдерінің маңыздылығын көрсетеді. Зерттеу нәтижелері қойлардың шаруашылыққа пайдалы белгілерін тиімді бағалау үшін негіз бола алады. Бұл нәтижелер қой тұқымдарын одан әрі жетілдіру және олардың өнімділік қасиеттерін арттыруға бағытындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға мүмкіндік береді.
##plugins.themes.default.displayStats.downloads##
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Журналдың редакциясы Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңын және тиісті халықаралық шарттарды басшылыққа алады. Авторлар өздерінің авторлық құқықтарын сақтайды және «Шәкәрім университетінің хабаршысы. «Тарих ғылымдары сериясы» журналына қолжазбаның алғашқы жариялану құқығығын береді. Автор журналға тиісті сілтеме жасаған жағдайда материалды кез келген тасымалдағышта және кез келген форматта көшіруге және таратуға құқылы. Оқырмандар мен пайдаланушылар жұмыстың авторы көрсетілген және осы журналға сілтеме берілген жағдайда материалды еркін көшіріп, тарата және қолдана алады. Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді. Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді.
Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.