ТОПЫРАҚ ҚҰНАРЛЫҒЫНА ӨҢДЕУ ӘДІСТЕРІНІҢ ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ

Авторлар

  • Қыдыралы Мусабеков "Қазақ Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті" КеАҚ Автор
  • Перизат Есенгельдиева "Қазақ Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті" КеАҚ Автор
  • Карлыгаш Сейітқазиева "Қазақ Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті" КеАҚ Автор
  • Хамбар Турсунбаев "Қазақ Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті" КеАҚ Автор
  • Кыдыралы Мусабеков "Қазақ Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті" КеАҚ Автор

Кілт сөздер:

ауыспалы егістік, топырақ құнарлығы, топырақ өңдеу тәсілдері

Аңдатпа

Қазақстанда шөл және жартылай шөлейтті аймақтарда ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру қажеттілігіне пайдалануға болатын жерлер көлемі жеткілікті. Сондықтанда мұндай жерлерді игеріп, одан өнім алудың жаңа технологиясын дайындап, зерттеудің қолайлы датиімді әдістерін дайындау қазіргі уақытта көкейкесті мәселе болып отыр.Ауылшаруашылық дақылдар өсірілетін егістікті дайындауда: зерттелетін аумақтың климаттық жағдайларын, топырақтың мелиоративтік күйін, геоморфологиялық орналасуын, агробиологиялық және шаруашылық жағдайларын толық зерделей білуіміз керек.Сонымен қатар дақылдарды өсіруде қолданылатын агротехникалық шаралар климаттық жағдайларға сай болып егістік топырақтарының құнарлығына оң әсерін тигізуі,яғни өңделетін топырақтың құнарлық көрсеткіштерін сақтауы және жоғарылатуықажет.Ауыспалы егістегі дақылдардан тұрақты түрде мол өнім алудың бір шарты –топырақ өңдеу тәсілдерін оңтайландыру болып табылады. Ұсынылған мақалада осы мәселе бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижелері берілген. Зерттеулер  Жамбыл облысы Байзақ ауданының "Ақжар" шаруа қожалығындағы қамтамасыз етілмеген тәлімді егістік аймағында, егістік қабатындағы қарашірік мөлшері 1,0-1,2% болатын кәдімгі сұр топырақтарда, 5 танапты дәнді-шөпті ауыспалы егісте жүргізілген. Далалық тәжірибелерде көрсетілген аймақта қолданылатын дәстүрлі топырақ өңдеу әдісі мен сыдыра жырту әдісінің топырақ құнарлығына тигізетін әсері зерттелген.

 

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 12

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.