ҚОЙЛАРДАҒЫ ЭХИНОКОКК КИСТАЛАРЫНЫҢ ТАРАЛУЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОЙ ЕТІ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ТАҒАМДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ӘСЕРІ

Авторлар

  • Айгерім Қожаева Шәкәрім университеті Автор
  • Нурлыгуль Есенгулова Шәкәрім университеті Автор

Кілт сөздер:

эхинококкоз, қой еті, кисталар, паразиттік ауру, тағамдық құндылық, патоморфологиялық өзгерістер

Аңдатпа

Эхинококкоз Қазақстандағы қой шаруашылығында кең таралған зооноздық аурулардың бірі болып табылады және айтарлықтай ветеринарлық, санитарлық және экономикалық қауіп төндіреді. Зерттеудің мақсаты – қойларда эхинококк кисталарының орналасуын анықтау және эхинококкоздың қой етінің физика-химиялық және азықтық қасиеттеріне әсерін бағалау.

Зерттеу 2024 жылы Абай облысында 269 қойға жүргізілді. Патологоанатомиялық тексеру және зертханалық талдау мемлекеттік стандарттарға сәйкес еттің химиялық құрамы, минералдар мен витаминдердің деңгейін анықтауды қамтыды. Статистикалық өңдеу ANOVA әдісімен жүргізіліп, мәнділік деңгейі p<0.05 деп алынды.

Нәтижелер бойынша эхинококк кисталарының 64,8%-ы тек бауырда, 31,5%-ы бауыр мен өкпеде орналасқаны анықталды. Гистопатологиялық өзгерістер, әсіресе бауыр мен өкпеде, фиброз, қабыну инфильтраттары және тіндердің атрофиясымен сипатталды. Зақымданған қойлардың етінде ылғалдылықтың жоғарылауы, ақуыз бен май мөлшерінің, макро- және микроэлементтердің, сондай-ақ А, Е, В1, В2 және РР витаминдерінің мөлшерінің төмендеуі байқалды. Бұл өзгерістер еттің тағамдық және технологиялық сапасының төмендегенін көрсетеді.

Эхинококкоз қой етінің сапасын айтарлықтай төмендетіп, мал шаруашылығында экономикалық шығындарға әкеледі. Аурудың таралуын азайту үшін ветеринарлық бақылауды күшейту, иттерді жүйелі дегельминтизациялау және «Бір денсаулық» тұжырымдамасы аясында кешенді шараларды енгізу қажет.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Автор өмірбаяндары

  • Айгерім Қожаева, Шәкәрім университеті

    PhD докторы

  • Нурлыгуль Есенгулова, Шәкәрім университеті

    Ветеринарния ғылымдарының кандидаты

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-31

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 17

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.