ЖАҢА ЗАТТАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ФИБРИНОЗДЫ МАСТИТТІ ЕМДЕУ СЫЗБАЛАРЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ СЫНАҚТАН ӨТКІЗУ

Авторлар

  • Динара Зайнеттинова Шакарим университеті Автор
  • Нуржамал Мухамадиева Автор
  • Мардан Джуланов Автор
  • Жанат Нуржуманова Автор

Кілт сөздер:

сүт безі, желінсау, сүт, балау, емдеу, балық майы

Аңдатпа

Мастит – сүт безінің қабынуы болып табылатын, сүт бағытындағы ірі қара малда жиі кездесетін және айтарлықтай экономикалық маңызы бар ауру. Маститтің туындататын экономикалық шығындарына сүт өнімділігінің төмендеуі, сүт сапасының нашарлауы, аурудың созылмалы түрімен ауырған сиырларды мәжбүрлі түрде жарамсыз деп шығару және емдеуге кететін қаржылық шығындар жатады. Маститтің дамуы сүт безінің тосқауылдық қызметін бұзатын кез келген экзогенді немесе эндогенді факторлардың әсерінен болуы мүмкін.

Ғылыми және тәжірибелік ветеринария саласында мастит мәселесіне ерекше назар аударылып келе жатқанына қарамастан, бұл аурудың келтіретін зияны азаймай, керісінше арту үрдісінде. Сондықтан маститтің этиологиялық факторларын, диагностика, емдеу және алдын алу әдістерін зерттеу – қазіргі мал шаруашылығындағы басым бағыттардың бірі болып табылады.

Бұл мақалада ірі қара малдың маститін «НитРыб» препаратының көмегімен емдеу нәтижелері ұсынылған. Дайындалған бұл препарат Нитокс және балық майының кешенінен тұрады. Эмульсия түріндегі балық майы басқа липидтермен салыстырғанда ұсақ бөлшектерге дейін диспергирленеді, бұл оның биожетімділігін арттырады. Эксперименттік деректер бұл препараттың жасуша мембранасының тесіктері арқылы тиімді ену қабілетіне және тотығу процесінің жеделдеуіне ықпал ететінін көрсетеді. Терең сіңірілуі мен қабынған тіндерге енуінің арқасында препарат қысқа мерзім ішінде терапиялық әсерін көрсетеді.

Нитокс – түсі ашық қоңырдан қою қоңырға дейін өзгеріп тұратын аздап тұтқыр сұйықтық түрінде болады. Оның белсенді компоненті – окситетрациклин, көптеген грамоң және грамтеріс микроорганизмдерде ақуыз синтезін тежеп, бактериостатикалық әсер көрсетеді.

«НитРыб» препараты ветеринариялық тәжірибеде алғаш рет қолданылып отыр және ол ауырсынуды басатын, тамырды тарылтатын, антисептикалық және қабынуға қарсы қасиеттерімен сипатталады. Сонымен қатар, ол ағзаның иммунологиялық қызметін күшейтіп, патогендік және уытты факторларға төзімділігін арттырады, сондай-ақ тіндердің қалпына келу (регенерация) процестерін ынталандырады.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.