«РALINTEST WATER ANALYSIS TECHNOLOGIES» ҚҰРЫЛҒЫСЫ АРҚЫЛЫ ТОПЫРАҚТЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫН АНЫҚТАУ

Авторлар

  • Койгельдинова Айнур Сембаевна "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КеАҚ Автор

Кілт сөздер:

Түйінді сөздер: топырақтың химиялық құрамы, қора микроклиматы, Рalintest water analysis technologies құрылғысы, таблеткалар, топырақ сынамасы, топырақтың структурасы

Аңдатпа

Аңдатпа. Топырақ ресурстары жер бетіндегі тіршілікке қажетті ең маңызды алғы шарттардың бірі болып табылады. Алайда оның шын мәніндегі маңызы мен рөлін өз дәрежесінде бағалай алмай келеміз. Топырақ биосфераның компоненттерінің бірі ретінде адам, жануарлар мен өсімдіктер үшін биохимиялық орта болып саналады. Топырақ еш нәрсеге айрбастамайтын табиғи ресурс. Қазіргі таңда, ғылыми әлі күнге дейін топырақтың орнын баса алатын жасанды материал таба алған жоқ. Топырақ – барлық материалдық игіліктердің көзі. Ол азық- түлік, малға жем, киім үшін талшық, құрылыс материалдарын береді. Біздің зерттеуімізде аса құнды жұмыстарымызды көрсете отырып, заманауи жаңа технологиялық құралдар арқылы топырақтың химиялық, физикалық құрылымын зерттеген болатынбыз. Қазіргі кезде топырақтың құнарлығы өте төмендеп бара жатыр. 1953-55 тың игеру жылдарда Қазақстан даласының едәуір көп бөлігін жыртып тастады. Артынан ол жерлер түгел игерілмей қараусыз қалды. Осы кезде Қазақстан жерлерінің көп жерлері эрозияға ұшырап үстіңгі қара топырақ қабаты ұшып кетті. Кейін ол жерлер шөлді жерге айнала бастады. Ол жерді өте көп жыртудың зиянды еді. Егін салғанда да жерді жыл сайын өңдеп, тыңдырып отырмаса, құнарлығы төмендеп кетеді. Соңғы жылдары бактериялық тыңайтқыштар да қолданыс табуда. Зерттеу нәтижелеріміздегі маңызды бөлігі топырақтың химиялық құрамының әртүрлігі. Біз өз зерттеуімізде palintest water analysis technologies-сын қолданып, топырақты жан-жақты зерттеген болатынбыз. Бұл зерттеу мақаласы Агрофирма «Приречное» шаруа қожалығындағы топырақтың құрамы мен құрылысын анықтап талдау.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Автор өмірбаяны

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 21

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.