LISTERIA MONOCYTOGENES РЕКОМБИНАНТТЫ P60 АНТИГЕНІНЕ ҚАРСЫ МОНОКЛОНАЛДЫ АНТИДЕНЕЛЕРДІ АЛУ ЖӘНЕ СИПАТТАУ
Кілт сөздер:
листериоз, Listeria monocytogenes, p60, рекомбинантты антиген, моноклоналды антиденелер, гибридома, иммунноферменттік талдауАңдатпа
Листериоз – адам мен жануарларда кездесетін, Listeria monocytogenes қоздырғышы тудыратын жұқпалы ауру. Қоздырғышты анықтаудың иммунологиялық әдістерін жетілдірудің перспективалы бағыттарының бірі бактерияның иммуногенді нәруыздарына телімді моноклоналды антиденелер алу болып табылады. Зерттеудің мақсаты L. monocytogenes-тің рекомбинантты p60 антигеніне қарсы моноклоналды антиденелер алу және олардың иммунологиялық қасиеттерін сипаттау болды. BALB/c желісіндегі тышқандарды иммундеу үшін тазартылған рекомбинантты p60 нәруызы қолданылды. Иммундық спленоциттер PEG-1500 көмегімен X63-Ag 8.6.5.3 миелома жасушаларымен гибридтелді. Гибридомаларды скринингтеу жанама иммундық-ферменттік талдау әдісімен жүргізілді. Бес тәуелсіз гибридизациялау нәтижесінде зерттелген 1198 гибридоманың 121-і (10,1%) рекомбинантты p60 антигеніне бастапқы телімді белсенділік көрсетті. Көпсатылы іріктеу нәтижесінде моноклоналды антиденелерді тұрақты өндіретін жеті гибридомалық клон алынды. 1H8 және 2A3 клондарының антиденелері ең жоғары белсенділік көрсетіп, олардың титрі культуралық сұйықтықта 1:256, ал асциттік сұйықтықта 1:204800 деңгейіне жетті. Зерттелген гетерологиялық рекомбинантты антигендермен айқаспалы реактивтілік анықталған жоқ. Western blot әдісі 1H8 клонының моноклоналды антиденелері рекомбинантты p60 нәруызын телімді түрде танитынын растады. Алынған моноклоналды антиденелер L. monocytogenes-ті анықтауға арналған иммунодиагностикалық реагенттерді одан әрі әзірлеу үшін перспективалы болып табылады.
Кілт сөздер: листериоз, Listeria monocytogenes, p60, рекомбинантты антиген, моноклоналды антиденелер, гибридома, иммунноферменттік талдау.
##plugins.themes.default.displayStats.downloads##
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Журналдың редакциясы Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңын және тиісті халықаралық шарттарды басшылыққа алады. Авторлар өздерінің авторлық құқықтарын сақтайды және «Шәкәрім университетінің хабаршысы. «Тарих ғылымдары сериясы» журналына қолжазбаның алғашқы жариялану құқығығын береді. Автор журналға тиісті сілтеме жасаған жағдайда материалды кез келген тасымалдағышта және кез келген форматта көшіруге және таратуға құқылы. Оқырмандар мен пайдаланушылар жұмыстың авторы көрсетілген және осы журналға сілтеме берілген жағдайда материалды еркін көшіріп, тарата және қолдана алады. Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді. Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді.
Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.