АБАЙ OБЛЫCЫ AБAЙ AУДAНЫНДAҒЫ «ҚAШЫМ» ШAРУA ҚOЖAЛЫҒЫНДA ӨCIРIЛEТIН ҚAЗAҚТЫҢ AҚБAC ТҰҚЫМЫНA ЖAТAТЫН IРI ҚAРA МAЛДAРЫНA БEРIЛEТIН AЗЫҚТAРДЫҢ CAПACЫ МEН ҚҰРAМЫ ЖӘНЕ СҮТ ӨНІМДІЛІГІНЕ ӘСЕРІ
Кілт сөздер:
ірі қара мал, қазақтың ақбас тұқымы, азық сапасы, рацион, протеин, сүт өнімділігі, азықтандыру.Аңдатпа
Бұл мақалада Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы «Қашым» шаруа қожалығында өсірілетін қазақтың ақбас тұқымына жататын ірі қара малдарға берілетін азықтардың сапасы мен құрамы зерттелді. Зерттеу барысында шаруашылықта қолданылатын негізгі азық түрлері – жоңышқа, беде, еркекшөп және астық өнімдерінің қоректік құндылығы мен сапалық көрсеткіштері талданды. Азықтардың органолептикалық қасиеттері (түсі, иісі, ылғалдылығы) анықталып, олардың малға жарамдылығы бағаланды. Сонымен қатар, зертханалық жағдайда азықтардың химиялық құрамы (су, протеин, май, өзек, азотсыз экстрактивті заттар, күл) анықталып, салыстырмалы түрде бағаланды.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, бұршақ тұқымдас азықтар (жоңышқа, беде) құрамында протеин мен минералды заттардың мөлшері жоғары болып, ірі қара малдың өнімділігіне оң әсер ететіні анықталды. Рацион құрамына енгізілген әртүрлі азықтардың сүт өнімділігіне әсері зерттеліп, тәжірибелік топта сүттің майлылығы мен белок мөлшерінің артқаны байқалды.
Зерттеу қорытындысы бойынша, «Қашым» шаруа қожалығында қолданылатын азықтар сапалы және толыққұнды екені дәлелденді. Сонымен қатар, рационды оңтайландыру арқылы мал өнімділігін арттыруға болатыны анықталды.
##plugins.themes.default.displayStats.downloads##
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Журналдың редакциясы Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңын және тиісті халықаралық шарттарды басшылыққа алады. Авторлар өздерінің авторлық құқықтарын сақтайды және «Шәкәрім университетінің хабаршысы. «Тарих ғылымдары сериясы» журналына қолжазбаның алғашқы жариялану құқығығын береді. Автор журналға тиісті сілтеме жасаған жағдайда материалды кез келген тасымалдағышта және кез келген форматта көшіруге және таратуға құқылы. Оқырмандар мен пайдаланушылар жұмыстың авторы көрсетілген және осы журналға сілтеме берілген жағдайда материалды еркін көшіріп, тарата және қолдана алады. Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді. Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді.
Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.