СІБІР ЖАРАСЫ ҚОЛАЙСЫЗ АЙМАҚТАРДА КЕШЕНДІ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

Авторлар

  • Адлет Камзанов "Шәкәрім университеті" КеАҚ Автор
  • Серик Тусупов "Шәкәрім университеті" КеАҚ Автор

Кілт сөздер:

сібір жарасы, Bacillus anthracis, алдын алу, вакцинация, эпизоотология, қолайсыз аймақ, санитариялық іс-шаралар кешені.

Аңдатпа

Мақалада сібір жарасының (anthrax) қайталанатын ошақтары тіркелетін қолайсыз аймақтарда аурудың алдын алудың кешенді профилактикалық шараларының теориялық және практикалық аспектілері қарастырылған. 2023–2025 жылдар аралығында эпизоотиялық тұрғыдан қолайсыз өңірдегі шаруа және фермерлік қожалықтарда жүргізілген эпизоотологиялық зерттеулердің нәтижелері ұсынылған. Экологиялық, эпизоотологиялық және ұйымдастырушылық сипаттағы қауіп факторлары айқындалып, қолданыстағы ұйымдастыру-әдістемелік шаралар мен вакцинациялау бағдарламаларының тиімділігі бағаланған. Ошақтарды жою тәжірибесі мен халықаралық тәжірибені талдау негізінде жануарларды жүйелі вакцинациялауды, табиғи ошақтарға мониторинг жүргізуді, малшылар мен жер иелерін оқытуды, өлекселерді басқарылатын түрде жоюды, экологиялық бақылауды және ведомствоаралық өз

ара іс-қимылды күшейтуді қамтитын қарсы эпизоотиялық шаралардың бейімделген кешенді моделі ұсынылған.Санитариялық бақылау, мақсатты иммундау бағдарламалары және адамдар мен жануарлардың споралардың табиғи резервуарларымен байланыс қаупін төмендету шараларын біріктіру ғана сібірь жарасы ошақтарының жиілігін едәуір азайтуға мүмкіндік беретіні көрсетілген. Ресурстары шектеулі жағдайларда профилактикалық бағдарламаларды оңтайландыру және олардың тиімділігін бағалау тетіктері бойынша ұсынымдар берілген. Алынған материалдар сібірь жарасы қаупі жоғары өңірлердегі ветеринариялық қызметтер, санитариялық қадағалау органдары және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары үшін практикалық маңызға ие.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 34

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары