ҚЫЛШЫҚ ЖҮНДІ ҚҰЙРЫҚТЫ ҚОЙ ТҰҚЫМДАРЫН (ЕДІЛБАЙ × ГИССАР) ШАҒЫЛЫСТЫРУ АРҚЫЛЫ АЛЫНҒАН БІРІНШІ ҰРПАҚТЫҢ ТЕРІ ГИСТОҚҰРЫЛЫМЫ

Авторлар

  • Ляззат Мұканова КазНАИУ Автор
  • Тулеухан Садыкулов КазНАИУ Аудармашы

Кілт сөздер:

қылшық жүнді құйрықты қой тұқымы, еділбай, гиссар, саулық, қошқар, тері, фолликула, гистоқұрылым

Аңдатпа

Бұл жұмысымыздың зерттеу барысында 4 және 18 айлық будан және таза тұқымды төлдерден биопсия әдісімен тері үлгілері алынып, олардың гистологиялық құрылымы микроскопиялық талдаудан өткізілгені қарастырылады. Тері қабаттарының жалпы қалыңдығы, мүйізді, еміздік және торлы қабаттардың даму деңгейі, сондай-ақ алғашқы және қайталама фолликулалардың саны мен арақатынасы анықталды.
Жүннің морфологиялық ерекшеліктері мен терінің құрылымдық параметрлері арасындағы тығыз байланыс қой шаруашылығында селекциялық жұмыстарды ғылыми негізде жүргізудің маңыздылығын көрсетеді. Терідегі фолликулалардың қалыптасуы эмбриональды кезеңде қарқынды жүретіндіктен, тұқымдардың биологиялық ерекшеліктерін білу олардың өнімділік бағыттарын жақсарту үшін шешуші рөл атқарады. Жалпы алғанда, зерттеу нәтижелері қылшық жүнді қойлардың әртүрлі генотиптеріндегі тері гистоқұрылымының жасқа байланысты және тұқымдық өзгерістерге ұшырайтынын көрсетті. Бұл мәліметтер жүн өнімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған селекциялық бағдарламаларды жетілдіруге негіз бола алады.
Алынған нәтижелер микроэлементтер мен қоректік заттардың жеткілікті деңгейде болуын қамтамасыз ететін жем-шөп жүйелерін әзірлеуде де маңызды. Болашақта осы деректерді генетикалық маркерлермен біріктіре отырып, қойлардың жоғары сапалы жүн шығару потенциалын нақты бағалауға болады.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Автор өмірбаяны

  • Тулеухан Садыкулов , КазНАИУ

    Зооинженерия и биотехнология

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-31

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 12

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.