АБАЙ АУДАНЫНДАҒЫ  «ВЕЛИКАН» ТҰҚЫМДЫ ҚОЯНДАРДЫҢ БАУЫРЫНДАҒЫ МИКРОЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ ОРТАША ҚҰРАМДЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН БАҒАЛАУ

Авторлар

  • Мейрамгуль Сайлаубаевна НАО "Шәкәрім университет" Автор

Кілт сөздер:

ас қорыту бездері, бауыр, ақуыз, микроэлементтер, ферменттер, минералдар, холестерин, глюкоза, масс-спектрометр

Аңдатпа

Ғылым мен тәжірибе-егіз ұғым. Тәжірибе ғылымға, ғылым тәжірибеге үлкен маңызды  әсер етеді. Сондықтан ғасырлар бойы бізге беріліп келген ғалымдарымыздың  бай тәжірибесін жинақтау, ғылыми бағытта оны  өндіріске енгізу бұл – болашақ ұрпақтың перспективті міндеттерінің маңыздысы болып табылады.

Өз экскременттерін жейтін кеміргіш жануарлар ішінде теңіз  шошқалары, шиншиллалар, үй және дала қояндары жатады. Олардың ас қорыту жүйесі көбінесе өсімдік азығын бірінші рет тиімді сіңіре алмауында. Сонымен қатар, көптеген жоғары молекулалық заттар – гемицеллюлоза алғашқы өту кезінде ішек қабырғаларымен сіңірілмейді, мұндай қоректік заттар ішек микрофлорасымен ұзақ уақыт өңделгеннен кейін барып сыртқы ортаға бөлінеді де,  жануарлар жартылай сіңірілген осындай өсімдіктер қалдығын қайта жеу арқылы азықтың пайдалы әсерін арттыра алады. Осыған қарамастан олардың ас қорыту жүйесі салыстырмалы түрде күрделі емес. Ал асқазандары бір камералы және көлемі жағынан 0,2 л аз болып келетін өзіндік ерекшелігімен сипатталады.

Қоян еті ақ етке жатады. Бұл ақуыздың, минералдардың және дәрумендердің толық көзі, яғни басқа еттермен салыстыруға келмейді деген сөз. Ондағы ақуыз мөлшері қой, сиыр, шошқа, еттеріне қарағанда көбірек. Қоян етінің хош иісі мен дәмі оның  4 айға дейін ана сүтін пайдаланатындығында.

Ал американдық ғалымдардың зерттеулері бойынша және отандық ғалымдарымыздың расталған зерттеулеріне тоқталсақ [10] қоян өзінің денесіне стронций-90 және басқа ядролық ыдырау өнімдерін, гербицидтерді, пестицидтерді және т.б. қабылдамайтыны туралы жазылған.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 30

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.