ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫНА ТЫҢАЙТҚЫШТАР БЕРУДІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ  НӘТИЖЕЛЕРІ

Авторлар

  • Мадияр Сәкенов Автор

Кілт сөздер:

сахарная свекла, минеральные удобрения, органические удобрения, вегетация, урожайность, сроки внесения

Аңдатпа

Мақалада Қазақстанда қант қызылшасын тыңайтудың тарихи аспектілері және ағымдағы тиімді тәсілдері қарастырылады. Өткен ғасырдың 30-жылдарында басталған алғашқы тәжірибелердің нәтижелері топырақ типіне байланысты тыңайтқыштардың әсеріндегі айырмашылықтарды көрсетті. Зерттеулер азотты тыңайтқыштардың боз топырақтардағы, ал фосфорлы тыңайтқыштардың жеңіл каштан топырақтарындағы тиімділігін растады. Сонымен қатар, толық минералды тыңайтқыштарды қолдану қант қызылшасының өнімділігін айтарлықтай арттыратыны анықталды, әсіресе, N100P60K100 мөлшерінде. Тыңайтқыштарды қолдану мерзімінің маңызына да назар аударылады: өсімдіктердің 3-4 жұп жапырақ түзу кезеңінде тыңайтқыштарды енгізу кеш енгізуге қарағанда тиімдірек. Сонымен қатар, органикалық тыңайтқыштардың топырақтың физикалық-химиялық қасиеттерін жақсартудағы және қант қызылшасының өнімділігін арттырудағы рөлі атап өтіледі.

Елімізде қант қызылшасына зерттеулер жүргізу бойынша, тыңайтқыш жүйесін тиімді қолданылатына анықталды. Қант қызылшасының даму кезеңінде өсіру тәжірибесінде минералды қоректену элементтеріне қойылатын негізгі талаптар: қатар және үстеп қореқтендіріді қамтитын тыңайтқыш жүйесімен қанағаттандырулы тиіс.

Зерттеу нәтижелері бойынша, қант қызылшасынан жоғары өнім алу үшін көң және минералды тыңайтқыштарды қолдану тиімді әсер ететіні анықталды, сондай-ақ қосымша негізгі қатар және үстеп қоректендіріді де өте тиімді екенін көрсетті.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.