Бруцеллез індетінің диагностикалық мәселелері мен ветеринариялық-медициналық ізденістегі жетістіктердің бағалануы

Авторлар

  • Ермекқазы Билялов Шәкәрім университеті Автор

Кілт сөздер:

Бруцелла, антидене, реверсия, диссоциация, диагностикумдар, бағалау, дифференциация

Аңдатпа

Ветеринария ғылымы бруцеллездің алдын алу және оған қарсы күрес шараларында елеулі жетістіктерге жеткеніне қарамастан ауыл шаруашылығы мен ет қоректі үй жануарлары арасында әлі күнге дейін қоғамдық мәселе күйінде. Бруцеллез бүкіл әлемде және елімізде үй жануарлары мен жабайы жануарлар арасында кең таралған инфекция  және адамдар үшін қауіпті.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2004-2020 жылдардағы облыстық ДСЭК ҚСЕК ұсынған жаңадан анықталған бруцеллез ауруы бойынша ресми статистикалық мәлімдемелер бойынша Республиканың Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында аурушаңдық көрсеткіштері орташа республикалық деңгейден (1:100 мың халық) жоғары болып тұр. Дәл осы аудандарда адам бруцеллезінің жаңадан анықталған жағдайларының 90-100 пайызы «бруцеллезден таза мал» елді мекендері мен шаруа қожалықтарында анықталған. 2017-2020 жылдарға. Қазақстанда жұқтыру көзі ұсақ малдар (60,75%), ірі қара малдар – 28,0%, жануарлардың басқа түрлері – 0,99% болды. Инфекцияның негізгі жолы –  (72,9%) жеке сектордың ауылшаруашылық жануарлары болып табылады. Қазақстан аумағында оқшауланған штамдардың 98,0%-дан астамы ірі қара малдың бруцеллезінің ең вирулентті қоздырғышы Brucella melitensis biovar III түріне жатады.

Ағымдағы өткен жылдың 10 айында Семей аумағы бойынша бруцеллез ауруына 84 бас ірі қара,  141 бас ұсақ мал және тексеруге алынған 5 иттің біреуі оң нәтиже бергендігі анықталған. 2020 жылы Қазақстанда бактериологиялық растаудың орташа мәні 50,9%-ға дейін төмендеді, бұл соңғы 4 жылдағы ең төменгі көрсеткіш.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2025-01-30