ИТТЕРДІҢ ЭХИНОКОККОЗЫ: ЭПИЗООТОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ПАТОГЕНЕЗІ, ДИАГНОСТИКАСЫ МЕН ПРОФИЛАКТИКАСЫ

Авторлар

  • Құдайберген Еркежан Шәкәрім университеті Автор
  • Тусупов Серик Шәкәрім университеті Автор

Кілт сөздер:

Эхинококкоз, Echinococcus granulosus, иттер, эпизоотология, диагностика, алдын алу

Аңдатпа

Аннотация

Иттердегі эхинококкоз – ветеринария мен қоғамдық денсаулық сақтау саласы үшін аса өзекті болып табылатын, жануарлар мен адамға ортақ қауіпті зоонозды биогельминтоз. Бұл аурудың қоздырғышы Echinococcus туысына жататын цестодалар болып саналады, ал олардың личинкалық сатылары шөпқоректі және кейбір бәрінқоректі жануарлардың, сондай-ақ адамның ішкі ағзаларында паразиттік тіршілік етеді. Табиғи жағдайда эхинококкоздың эпизоотиялық айналымы «жыртқыш – шөпқоректі жануар» жүйесі арқылы жүзеге асады. Иттер негізгі соңғы иесі ретінде паразиттің жыныстық жетілген сатысын тасымалдап, нәжіс арқылы сыртқы ортаға инвазиялық жұмыртқаларды бөледі және аурудың тұрақты сақталуына ықпал етеді.

Мақалада эхинококк қоздырғышының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, сыртқы орта факторларына төзімділігі жан-жақты сипатталады. Сонымен қатар иттердегі эхинококкоздың эпизоотологиясы, таралу жолдары, патогенезі және клиникалық белгілерінің айқын емес өту ерекшеліктері талданады. Ауруды анықтауда қолданылатын заманауи диагностикалық әдістерге, соның ішінде копрологиялық зерттеулер мен серологиялық тәсілдерге назар аударылады. Сондай-ақ иттердегі эхинококкоздың алдын алу шаралары, дегельминтизация жүргізудің маңызы, санитариялық-ағартушылық жұмыстар мен кешенді профилактикалық бағдарламалардың рөлі көрсетіледі.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-31

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.