ҚОЗЫЛАРДЫ ӘР ТҮРЛІ ТЕХНОЛОГИЯМЕН ӨСІРУДІҢ ӨСІП - ДАМУЫНА  ӘСЕРІ

Авторлар

  • Б.С. Ахметова "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КеАҚ Автор
  • К.Х. Нуржанова "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КеАҚ Автор
  • К.Р. Сатиева "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КеАҚ Автор
  • Т.Қ. Қажыбекова "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КеАҚ Автор

Аңдатпа

Мақалада ШҚО Тарбағатай ауданындағы «Сағидолла» шаруа қожалығында өсірілетін жергілікті қылшық жүнді  құйрықты қой малдарының төлдерін өсіру технологиясын зерттеу жұмыстарының нәтижелері келтірілген.

Қой шаруашылығының осы саласында алға қойылған басты мақсат-сапалы, өнімді қасиеттерді ұрпақтан-ұрпаққа тұрақты түрде бере алатын жануарлардың санын көбейту, сапалы жас жануарларды алу және олардың көбеюі үшін қолайлы жағдайлар жасау. Мал шаруашылығы өнімдерін қажетті мөлшерде өндіруді қамтамасыз етудің негізгі жолы-жануарлардың даму заңдылықтарын, мазмұнын мұқият түсіну және оларды игеру болып табылады. Бұл кез-келген жануардың түрлік, тұқымдық ерекшеліктері, барлық өнімді қасиеттері, оның генотипі мен өсуі мен дамуы жолындағы сыртқы ортаның өзара әрекеттесуі негізінде қалыптасатындығына байланысты.

Қазақтың құйрықты қойы конституциясы берік, жергілікті жағдайларға бейімделген, қатал табиғат жағдайларына төзімді тұқымы. Сондықтан зерттеу жұмысының негізі болып табылатын жергілікті қазақтың құйрықты қылшық жүнді  қой тұқымы және олардан алынған төлдердің өсу қарқыны мен өнімділігі арасындағы ерекшеліктерді зерделеудің маңызы зор.

Қазақтың құйрықты қылшық жүнді қойларының төлдерін өсіруде аталған зерттеу жұмыстары кезінде сақманды және қашарлы-базалық өсіру әдістері қолданылып, өсіп – дамуы зерттелді.

Автор өмірбаяндары

  • Б.С. Ахметова, "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КеАҚ

    Ауыл шаруашылығы кафедрасының меңгерушісі

  • К.Х. Нуржанова, "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КеАҚ

    Ауыл шаруашылығы кафедрасының аға оқытушысы

  • К.Р. Сатиева, "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КеАҚ

    Ауыл шаруашылығы кафедрасының аға оқытушысы

  • Т.Қ. Қажыбекова, "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КеАҚ

    Ауыл шаруашылығы кафедрасының оқытушысы

Жарияланды

2024-12-27

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары