Материалдарды жіберу

Материалды жіберу үшін сізге Кіру немесе Тіркелу қажет.

Авторларға арналған нұсқаулық

МАТЕРИАЛДАРДЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Мақала төмендегідей өріс өлшемдерімен рәсімделеді: парақ жиегінен шегініс – 2,0 см. Қаріп кеглі – 11, жоларалық интервал – 1,0, қаріп гарнитурасы – Arial.

Ғылыми мақаланың құрылымы

Ғылыми мақаланың құрылымы келесі элементтерді қамтуы тиіс:

МРНТИ индексі (ғылыми-техникалық ақпараттың халықаралық рубрикаторы) – беттің сол жақ жиегінен көрсетіледі. Мақалаға МРНТИ индексін беру үшін www.grnti.ru сайтын пайдалану қажет.

Авторлар туралы мәліметтер – бір жол қалдырып, ортасына тураланып жазылады:

  • мақала автор(лар)ының инициалдары мен тегі (алдымен инициалдар, кейін тегі – мысалы, А.К. Қалиев), қаріп – жартылай қалың;

  • автор(лар)дың жұмыс орны мен мекенжайы – ЖОО (ұйым) атауы, қала, ел;

  • автор-корреспонденттің байланыс ақпараты (e-mail).

Мақаланың атауы (тақырыбы) – бір жол қалдырып беріледі, қалың қаріппен ерекшеленеді, ортасына тураланады. Мазмұнын дәл көрсетуі, қысқа әрі нақты болуы тиіс. Тақырыпта сөздерді қысқартуға жол берілмейді.

Аннотация – зерттеудің негізгі мәнін, әдістері мен зерттеу объектілерін, ең маңызды нәтижелерді, олардың маңызын, ғылыми және практикалық құндылығын қысқаша баяндау. Аннотация мақала атауынан кейін бір жол қалдырып, курсивпен беріледі. Аннотация көлемі – 150–300 сөз.

Түйін сөздер – мақаланы іздеуге және оның пәндік саласын анықтауға арналған. Түйін сөздер саны – 5–8, курсивпен рәсімделеді.

Мақаланың негізгі мәтіні – бір жол қалдырып беріледі:

  • Кіріспе – өзектілікті көрсету;

  • Зерттеу шарттары мен әдістері;

  • Зерттеу нәтижелері;

  • Ғылыми нәтижелерді талқылау;

  • Қорытынды;

  • Әдебиеттер тізімі кемінде 10 атаудан тұруы керек; олардың кемінде 50%-ы – шетелдік дереккөздерден. Егер мақала қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынылса, әдебиеттер тізімінің транслитерацияланған нұсқасы міндетті түрде берілуі тиіс (транслитерация үшін http://translit-online.ru сайтын пайдалану).

Қаржыландыру туралы ақпарат (бар болған жағдайда).

Мақаланың соңында автор(лар)дың толық тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ғылыми дәрежесі, атағы, жұмыс орны; ЖОО (ұйым) атауы, қала, ел; әр авторға арналған байланыс ақпараты (e-mail); мақаланың атауы; аннотация; түйін сөздер мақала тіліне қарағанда өзге екі тілде (қазақша/орысша, ағылшын) беріледі.

Материал көлемі, әдетте, мәтін, суреттер, кестелерді қоса алғанда, 3 беттен кем және 8 беттен артық болмауы тиіс.

Журналдың бір нөмірінде автор бірлескен авторлықты қоса есептегенде, екі мақаладан артық жариялай алмайды.

Авторлар саны 5 адамнан аспауы тиіс.

Суреттер, карталар, фотосуреттер, кестелер, формулаларды компьютерлік техника көмегімен орындап, мақалада аталған ретіне қарай орналастыру ұсынылады. Суреттердің реттік нөмірлері араб цифрларымен белгіленеді, сурет атауы суреттің астында ортасына тураланып беріледі (Сурет 1 – Сурет атауы).

Кестелер мәтінде алғаш рет сілтеме жасалғаннан кейін немесе келесі бетте беріледі. Кестенің нөмірі мен атауы беттің сол жағында көрсетіледі (Кесте 1 – Кесте атауы). Кесте келесі бетке көшірілген жағдайда бағандар нөмірленеді, ал келесі бетте оң жақта кестенің жалғасы көрсетіледі (Кесте 1-дің жалғасы).

Әдебиеттерді рәсімдеу тәртібі:

  • әдебиеттер мәтінде аталу реті бойынша орналасады;

  • мәтін ішінде квадрат жақшаның ішінде сілтеме берілген жұмыстың реттік нөмірі көрсетіледі;

  • әдебиеттер ГОСТ 7.1-2003 «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар мен құрастыру ережелері» талаптарына сәйкес рәсімделуі тиіс;

  • мақаланың соңындағы әдебиеттер тізімінде басылым авторларының толық құрамы көрсетіледі (т.б. қолданбай);

  • әдебиеттер тізімі кемінде 10 атаудан тұруы тиіс; олардың кемінде 50%-ы – шетелдік дереккөздерден. Егер мақала қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынылса, әдебиеттер тізімінің транслитерацияланған нұсқасы міндетті түрде көрсетіледі (транслитерация үшін http://translit-online.ru сайтын пайдалану).

 

Толығырақ мақаланы рәсімдеу үлгісімен таңыса аласыз.

Материалды редакцияға жіберер алдындағы дайындық тізімі

Барлық ұсынылған материалдар келесі талаптарға сай болуы керек.

Материал авторларға арналған нұсқаулықта көрсетілген талаптарға сәйкес келеді.
Материал бұрын жарияланбаған және басқа журналда қарастырылмаған.
Барлық сілтемелер дәлдігі мен толықтығы тексерілген.
Барлық кестелер мен сызбалар нөмірленген және қол қойылған.

Статьи

Политика раздела по умолчанию

Құпиялық туралы мәлімдеме

Электронды журналға енгізілген атаулар мен электрондық пошта мекенжайлары тек қана осы журналда айқындалған мақсаттар үшін ғана пайдаланылады