Мақала төмендегі өріс өлшемдерімен рәсімделеді: парақ жиегінен шегініс – 2,0 см. Қаріп кеглі – 11, жоларалық интервал – 1,0, қаріп гарнитурасы – Arial.
Ғылыми мақаланың құрылымы
Ғылыми мақаланың құрылымы келесі элементтерді қамтуы тиіс:
МРНТИ индексі (ғылыми-техникалық ақпараттың халықаралық рубрикаторы) – беттің сол жақ жиегінен көрсетіледі. Мақалаға МРНТИ индексін беру үшін www.grnti.ru сайтын пайдалану қажет.
Авторлар туралы мәліметтер – бір жол қалдырып, ортасына тураланып жазылады:
-
мақала автор(лар)ының инициалдары мен тегі (алдымен инициалдар, кейін тегі – мысалы, А.К. Қалиев), қаріп – қалың (жартылай қалың);
-
автор(лар)дың жұмыс орны мен мекенжайы – ЖОО (ұйым) атауы, қала, ел;
-
автор-корреспонденттің байланыс ақпараты (e-mail).
Мақаланың атауы (тақырыбы) – бір жол қалдырып беріледі, қалың қаріппен ерекшеленеді, ортасына тураланады. Мазмұнын дәл көрсетуі, қысқа әрі нақты болуы тиіс. Тақырыпта сөздерді қысқартуға жол берілмейді.
Аннотация – зерттеудің негізгі мәнін, әдістері мен зерттеу объектілерін, ең маңызды нәтижелерді, олардың маңызын, ғылыми және практикалық құндылығын қысқаша баяндау. Аннотация мақала атауынан кейін бір жол қалдырып, курсивпен беріледі. Аннотация көлемі – 150–300 сөз.
Түйін сөздер – мақаланы іздеуге және оның пәндік саласын анықтауға арналған. Түйін сөздер саны – 5–8, курсивпен рәсімделеді.
Мақаланың негізгі мәтіні – бір жол қалдырып беріледі:
-
Кіріспе – өзектілікті көрсету;
-
Зерттеу шарттары мен әдістері;
-
Зерттеу нәтижелері;
-
Ғылыми нәтижелерді талқылау;
-
Қорытынды;
-
Әдебиеттер тізімі кемінде 10 атаудан тұруы керек; олардың кемінде 50%-ы – шетелдік дереккөздерден. Егер мақала қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынылса, әдебиеттер тізімінің транслитерацияланған нұсқасын міндетті түрде көрсету қажет (транслитерация үшін http://translit-online.ru сайтын пайдалану).
Қаржыландыру туралы ақпарат (бар болған жағдайда).
Мақаланың соңында автор(лар)дың толық тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ғылыми дәрежесі, атағы, жұмыс орны; ЖОО (ұйым) атауы, қала, ел; әр авторға арналған байланыс ақпараты (e-mail); мақаланың атауы; аннотация; түйін сөздер мақала тіліне қарағанда өзге екі тілде (қазақша/орысша, ағылшын тілінде) беріледі.
Материал көлемі, әдетте, мәтін, суреттер, кестелерді қоса алғанда, 3 беттен кем және 8 беттен артық болмауы тиіс.
Журналдың бір нөмірінде автор бірлескен авторлықты қоса есептегенде, екі мақаладан артық жариялай алмайды.
Авторлар саны 5 адамнан аспауы тиіс.