«Шәкәрім университетінің хабаршысы. Ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдары сериясы» журналының 2026 жылғы № 2 (7) санына мақалалар қабылдау

2026-04-02

Мақалалар қабылдау туралы хабарландыру
«Шәкәрім университетінің хабаршысы. Ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдары сериясы» журналының
2026 жылғы № 2 (7) санына

«Шәкәрім университетінің хабаршысы. Ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдары сериясы» журналының редакция алқасы 2026 жылғы № 2 (7) санына ғылыми мақалалар қабылданатынын хабарлайды.

Журналға ауыл шаруашылығы және ветеринария салаларында ғылыми зерттеу жүргізіп жүрген ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар, зерттеушілер және практик мамандар мақалаларын жолдай алады.

Журнал өзекті ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялауға, теориялық және қолданбалы әзірлемелерді ұсынуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен ветеринария ғылымдарының қазіргі жетістіктері мен даму перспективаларын жариялауға мүмкіндік береді.

Журнал келесі бағыттар бойынша мақалалар қабылдайды:

  • Ауыл шаруашылығы
  • Ветеринария

Журналда жариялану — бұл:

  • зерттеу нәтижелерін академиялық қауымдастыққа ұсыну;
  • ғылыми және кәсіби байланысты кеңейту;
  • ауыл шаруашылығы және ветеринария салаларындағы заманауи ғылымның дамуына үлес қосу мүмкіндігі.

Редакция алқасы авторларды ынтымақтастыққа шақырады және ғылыми мақалаларыңызды қуана қабылдайды.